
Қостанай облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өтті.
Қостанай қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «Батыр» спорт кешенінде Қостанай облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Қатысушылар армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша үш спорт түрінен күш-жігерін, төзімділігін және командалық рухын көрсетті.
Жарыстар тартысты әрі достық атмосферада өтті. Әр спорт түрінде қатысушылар жеңіске деген жігерін, төзімділігі мен жоғары дене дайындығын көрсетіп, үздік нәтиже көрсетуге ұмтылды. Әріптестері спортшыларға ерекше қолдау көрсетіп, нағыз командалық рух қалыптастырды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Гір көтеру:
1 орын — Турлубеков Риза Нурланович, Рудный қ. ТЖБ №2 МӨСБ;
2 орын — Балацко Дмитрий Евгеньевич, Қостанай қ. ТЖБ №1 МӨСБ;
3 орын — Шнайдер Андрей Александрович, Қарасу ауданы ТЖБ №24 ӨСБ.
Армрестлинг:
1 орын — Синицкий Николай Николаевич, Қарасу ауданы ТЖБ №24 ӨСБ;
2 орын — Сайлаубаев Уалихан Амангельдинович, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы;
3 орын — Ғалымжанов Асылхан Дәуренұлы, Қостанай қ. ТЖБ №1 МӨСБ.
Арқан тарту:
1 орын — Лисаков қаласы ТЖБ командасы;
2 орын — Апаттар медицинасы орталығының командасы;
3 орын — Әулиекөл ауданы ТЖБ командасы.
Мұндай жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын жоғары деңгейде ұстауға, тәртіпті нығайтуға және ұжымның бірлігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені құтқарушы қызметінде кәсіби дағдылармен қатар төзімділік, өзара көмек және біртұтас команда ретінде әрекет ете білу аса маңызды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта да спорттық жетістіктер тілейміз!









