Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №10 өрт сөндіру бөлімінің аумағында оқушылар үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар азаматтық қорғау қызметкерлерінің күнделікті қызметімен, жұмыс орындарымен, өрт сөндіру-құтқару техникасымен және арнайы авариялық-құтқару құралдарымен танысты. Мамандар оқушыларға құтқарушының күнделікті жұмысы, өрт сөндіру кезінде кездесетін қиындықтар мен жауапкершілік туралы айтып берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.
Жамбыл облысы ТЖД