Жамбыл ауданының №6 өрт сөндіру бөліміне Өрнек ауылындағы Бейсенбек Тайшапұлы атындағы мектептің оқушылары арнайы келді. Кездесу барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар, өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері және «101» нөміріне хабарласу тәртібі түсіндірілді. Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД