Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Тараз қаласының ТЖ басқармасының құтқарушылары Шөлдала тұрғын алқабында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Еріктілермен, жергілікті атқарушы органның, полицияның, газ қызметінің және электр желілерінің өкілдерімен бірлесіп, аулаларды аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ түтін мұржалары тазаланып, датчиктер орнатылды. Жұмыстардың негізгі мақсаты – өрттердің алдын алу және жылыту маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. @emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
Жамбыл облысы ТЖД