«ҚАЙЫРШЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

    «ҚАЙЫРШЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

    22–27 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда қайыршылық жасау фактілерінің алдын алу және анықтау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Рейдтік іс-шаралар барысында жол қиылыстары, базарлар мен мешіттердің аумақтары, қоғамдық көліктер, саябақтар, аллеялар және адамдар көп шоғырланатын өзге де орындар қамтылуда.

    Сонымен қатар кафе-мейрамханаларда азаматтарға гүл немесе өзге де заттарды ұсыну, сату және қайыршылық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу бағытында бақылау жұмыстары жүргізілуде.

    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, құқық бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

    Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары