Семинар өткізілді

    Семинар өткізілді

    «Заң жане тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Б.З. Кудесова және бас маман С.А. Назарова Қазтұтыну одағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің 3-курс студенттеріне арналған семинар өткізді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңалықтары», нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңнамасына енгізілген өзгерістер талқыланды.

    Кездесу аясында Департамент өкілдері студенттерге заңнаманың негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, тиісті құқықтық нормаларды қолдану тәртібі туралы ақпарат берді.

    Ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ студенттердің өз құқықтары мен міндеттері туралы сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары