Байдарка мен каноэде ескек есуден ХХ Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Әйелдер арасында байдаркамен 500 метрге жұптасып ескек есуде Ольга Шмелёва мен Татьяна Токарницкая 2-орын алды. Қазақ спортшылары финалда қашықтықты 1 минут, 48.140 секундта бағындырды.
Бұл сында Қытай спортшылары топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан өкілдері түйіндеді.








