
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен Шахтинск қаласы мәслихатының кезекті XXXI сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Қыдырғанбеков, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Е.М. Буслаев, қала әкімінің орынбасары, кенттер әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыста депутаттар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, аумақтарды абаттандыруға және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді қарады.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Қыдырғанбековтің 2026 жылдың 8 айындағы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды.
Сонымен қатар депутаттар «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламаларын іске асыру туралы» мәселені қарады. Аталған мәселе бойынша қорытынды баяндаманы №11 сайлау округінен депутат М.Ж. Тоханов жасады.
Өз сөзінде депутат жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша уақытша жұмыс комиссиясы Шахтинск қаласында, сондай-ақ Шахан, Долинка және Новодолинский кенттерінде аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, ортақ пайдаланылатын нысандарды күтіп-ұстау, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар абаттандыру элементтерін, қосымша жарықтандыру жүйелері мен бейнебақылау камераларын орнату, балалар және спорт алаңдарын жайластыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге уақытша жұмыс комиссиясының жұмысы бірқатар кемшіліктер мен одан әрі жүйелі түрде шешуді талап ететін проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетті. Отырыс барысында анықталған проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.
Сессия барысында депутаттар қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №313/8 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру туралы» VIII сессиясының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін де қарады.
Отырыстың қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.
Депутаттық корпус қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандырылуы және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты жалғастыра отырып, анықталған проблемалық мәселелерге және оларды жүйелі түрде шешуге ерекше назар аударатын болады.
Сессия соңында Шахтинск қаласы мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңнамасында көзделген мән-жайлардың туындауына байланысты Шахтинск қаласы мәслихатының депутаты А.К. Омарбековтің депутаттық өкілеттіктерінің тоқтатылғаны туралы хабардар етті.
Аталған мәселе заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихаттың алдыңғы сессиясында қаралған болатын.
Бұған дейін депутаттық міндеттерін адал атқарып, мәслихат қызметіне қосқан үлесі үшін А.К. Омарбековты Шахтинск қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы қолдау хат жолданған болатын.
Іс-шара соңында Шахтинск қаласы мәслихатының төрағасы қала әкімімен бірлесіп, А.К. Омарбековке Шахтинск қаласының Құрмет грамотасын табыстады.







