Тараз - жоғары технологиялық кардиохирургияның медициналық туризм орталығы

    Тараз - жоғары технологиялық кардиохирургияның медициналық туризм орталығы
    Тараз - жоғары технологиялық кардиохирургияның медициналық туризм орталығы
    Жамбыл облысында медициналық туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі - жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмекті халықаралық деңгейге шығару. Бұл бағытта Тараз қаласындағы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының орны ерекше.
    Медициналық мекеме кардиохирургия, трансплантология және тамыр хирургиясы бойынша жоғары технологиялық көмек көрсетеді. Орталықта ересектермен қатар балаларға, оның ішінде туа біткен жүрек ақаулары бар пациенттерге күрделі операциялар жасалады.
    Медициналық туризмнің басты көрсеткіштерінің бірі - шетелдік пациенттерді қабылдау. Қазақстанның өзге өңірлерімен қатар Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарының да ем алу үшін Таразға келетіндігі бұрыннан қалыптасқан. Бұл орталықтың тек өңірлік емес, Орталық Азия деңгейіндегі медициналық әлеуетін көрсетеді.
    Орталықтың халықаралық деңгейге шығуындағы маңызды қадамның бірі - JCI халықаралық аккредитациясынан өтуі. Халықаралық сарапшылар клиниканың медициналық көмек көрсету сапасын, пациент қауіпсіздігін, инфекциялық бақылауды, дәрі-дәрмек айналымын, пациент құқықтарын және басқа да бағыттарды бағалаған. Нәтижесінде орталық JCI сертификатына ие болды.
    Бұл медициналық туризм үшін маңызды фактор. Себебі, шетелдік пациент үшін операцияның күрделілігімен қатар медициналық көмектің қауіпсіздігі, сапасы, халықаралық стандарттарға сәйкестігі және клиниканың беделі маңызды.
    Орталықта торакоскопиялық және аз инвазивті операциялар жүргізіледі. Мұнда жыл сайын операциялардың 50 пайыздан астамы мини-қолжетімділік арқылы орындалады. Мұндай әдістердің негізгі артықшылықтары – жарақаттың аз болуы, косметикалық әсері және пациенттің тезірек қалпына келуі.
    Сонымен қатар орталықта жүрек жеткіліксіздігін емдеудің озық технологиялары қолданылуда. Қазіргі таңда мұнда ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі бар 2,5 мыңнан астам пациент бақылауда, ал 2018 жылдан бері 49 LVAD жүйесі имплантацияланған. Жүрек трансплантациясы, LVAD және ЭКМО технологияларын дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары