ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Балқаштың курорттық қала ретіндегі келешегі қандай болмақ? Қалада егілген ағаштардың барлығы бірдей неліктен жерсіне бермейді? Суару және сумен жабдықтау мәселесін қалай шешуге болады? Желкенді спортты қайта жандандыру мүмкін бе? Осы және басқа да сауалдар Балқаш тұрғындарының Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуінде көтерілді. Ашық диалог форматында өткен жүздесу екі сағаттан астам уақытқа созылып, әр тұрғынға өңір басшысына өз мәселесін айтып, ұсынысын жеткізуге мүмкіндік берді.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Бүгінде Балқаш туристік орталық ретіндегі әлеуетін арттырып келеді. Тек биылғы туристік маусымда қалаға шамамен 200 мың адам келген. Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, бұл Балқаш көлі жағалауындағы демалысқа деген қызығушылықтың жыл санап артып келе жатқанын көрсетеді.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    — Біздің міндетіміз — қаланы туристерге де, жергілікті тұрғындарға да қолайлы әрі тартымды ету. Осы мақсатта инфрақұрылымды дамытып, көлік қатынасын жақсартып, демалысқа арналған жаңа нысандар ашып жатырмыз. Премьер-Министрдің тапсырмасымен өңірде Balkhash туристік индустриялық аймағы құрылды. Мұнда алғашқы жоба — 1,3 млрд теңге инвестиция салынатын Premium Villa Balkhash кешені жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, жалпы инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асатын тағы төрт жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың жанынан санаторий мен қонақүй бой көтереді, — деді облыс әкімі.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Туризмнің дамуы үшін көлік қатынасының қолжетімді болуы да маңызды. Қайтарымды активтер есебінен жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін биыл Балқаш әуежайы қайтадан жұмысын бастады.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Туристік аймақты сумен қамтамасыз ету мақсатында Балқаш – Тораңғалық магистральдық су құбыры тартылып жатыр. Қазіргі таңда оның 20 шақырым желісі төселді.

    Өткен жылдан бері Бертіс шығанағын қамыс пен түптік шөгінділерден тазарту жұмыстары жүргізілуде. Мұнда осы секілді жұмыстар соңғы рет 30 жылдан астам уақыт бұрын атқарылған. Ал қаланың өзінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жалғасып жатыр.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлының айтуынша, соңғы үш жылда 32 шақырым жылу желісі жөнделген. Соның нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 75 пайыздан 55 пайызға дейін төмендеді. Соңғы екі жылда шамамен 60 шақырым су құбыры жаңартылса, биыл тағы 11 шақырым желі ауыстырылып жатыр. Сонымен қатар Тоқырау – Саяқ магистральдық су құбырын жаңарту және кәріз коллекторын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Кездесуде Балқаштың болашақ келбеті де сөз болды. Қалада курорттық аймақтарға арналған дизайн-код бекітілген. Құжат абаттандыруға, нысандарды безендіруге және қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Облыс әкімі тұрғындарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде балқаштықтар қалада егілген ағаштардың жай-күйіне және оларды суару мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

    — Ағаштарды суаруға мүмкіндік бар жерлерге ғана отырғызу керек! — деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Жүздесуде әлеуметтік саланы дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Балқашта ауданаралық аурухананың ашылуы тұрғындардың жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділігін арттырды. Мұнда ангиографиялық операциялық бөлімше іске қосылды. Алдағы уақытта жергілікті стационар базасында катаракта мен глаукомаға байланысты операциялар жасау жоспарланып отыр.

    Медицина кадрларымен қамтамасыз ету мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Жыл басынан бері Балқашқа 13 дәрігер келді. Жыл соңына дейін тағы 12 маманның келуі күтілуде.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Алайда ашық диалог коммуналдық және әлеуметтік мәселелермен ғана шектелген жоқ. Тұрғындар қаладағы демалыс орындарын дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, соның ішінде желкенді спортты қайта жандандыру жөнінде де ұсыныстарын айтты.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Сауалдардың бір бөлігіне облыс әкімі кездесу барысында бірден жауап берді. Қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді жауапты мемлекеттік органдарға тапсырды.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Кездесуден кейін Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    ТКШ-дан желкенді спортқа дейін: Балқаш тұрғындарын не толғандырады

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары