Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Қарағандылық ММА шебері Санжар Әділов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарынан қола медальмен елге оралды.

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Спортшыны әуежайдан туған-туыстары, достары, жанкүйерлері, әріптестері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Аралас жекпе-жек спорттың бұл түрі алғаш рет жазғы Азия ойындарының ресми бағдарламасына енгізілді. ММА бойынша барлығы алты медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық спортшылар екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Ал жалпыкомандалық есепте Қазақстан ММА бойынша Тәжікстаннан кейін екінші орынға ие болды.

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    30 жастағы спортшы 65 келіге дейінгі салмақта, жекпе-жек спорттық кимоно киіп өтетін Traditional бағдарламасында бақ сынады. Санжар Әділов ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалда тәжікстандық Отабек Раджабовтан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды. Қолданыстағы ережеге сәйкес, үшінші орын үшін бөлек жекпе-жек өткізілмейді. Сондықтан жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола медаль иеленді.

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Санжар Әділовтің айтуынша, Азия ойындарына дайындық шамамен жарты жылға созылған. Команда халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, Шымкентте де дайындық жұмыстарын жүргізген.

    — Бұл Азия ойындары мен үшін маңызды кезең болды. Жаңа тәжірибе жинақтап, өзімнің мықты және әлсіз тұстарымды сараладым. Жекелеген жекпе-жектерде шешуші кезеңдерге дейін жеткеніммен, кейбір сәттер оңайға соққан жоқ. Алдағы басты мақсатым – кәсіби спортта одан әрі дамып, осы бағыттағы жолымды жалғастыру. Мақсатым – UFC жарыстарына қатысу, – деді спортшы өз жоспарымен бөлісіп.

    Қарағандылық ММА шебері Азия ойындарынан қола жүлдемен оралды

    Қазіргі таңда Қазақстан жалпыкомандалық есепте 22 медаль жеңіп алды. Оның ішінде сегізі – алтын.

    Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары