Нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру.

    Нөлдік салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын еске салады.

    Салық кодексінің нормаларына сәйкес, белгіленген тапсыру мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.

    Осыған байланысты, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандарын (СЕН) алдын ала белгілеуі қажет.

    Іс-қимыл алгоритмі:

    «Салық төлеушінің кабинеті» (СӘИЖ) веб-қосымшасына кіру;

    «Ұсынылатын СЕН» бөліміне өту;

    Қолданылатын салық режимі мен қызмет түріне сәйкес қажетті салық есептілігі нысандарын қосу;

    Әрбір СЕН бойынша тапсыру басталған «жыл мен салық кезеңін» көрсету;

    Енгізілген мәліметтерді сақтау.

    Бұл ретте нөлдік көрсеткіштері бар есептіліктің автоматты түрде қалыптасуы салық төлеушіні іс жүзіндегі салық міндеттемелерін көрсету міндетінен босайтпайды.

    Егер есептілік автоматты түрде қалыптасқаннан кейін салық төлеушіде есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектілері нақты тіркелген болса, ол тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін тапсыруға міндетті.

    Аталған тәртіп жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлікке қатысы жоқ қызметі бойынша салық есептілігін ұсынуына қолданылмайды.

    Осылайша, есептілікті нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастыру салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

    Салықтар туралы толығырақ 1414 телефоны арқылы немесе Instagram-дағы @astana_mkd_dgd_astana парақшасынан білуге болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары