Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

    Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

    Жезқазған қаласында қайта жаңғыртужұмыстарынан кейін теміржол вокзалыныңресми ашылу салтанаты өтті.Шараға Ұлытауоблысының әкімі Есет Байкен, ҚРКөлікминистрлігі Теміржол жәнесукөлігі комитетініңтөрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚмен мердігер ұйымөкілдері,қала тұрғындарықатысты.

    Іс-шарабарысындаҚРКөлік министрлігіТеміржол жәнесукөлігі комитетінің төрағасыНұржан Келбұғанов Жезқазған вокзалынжаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасыбойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі124теміржол вокзалын қайта жаңғыртужөніндегі ауқымды бағдарлама аясындажүргізілгенін атап өтті.

    Ұлытау облысында бағдарлама аясында төрттеміржол вокзалын жаңарту көзделген.Бұғандейін Қаражал,Жаңаарқа және Қызылжарстанцияларындағы вокзалдардыреконструкциялау жұмыстары аяқталған.

    Жезқазған теміржолвокзалы 1941жылысалынған.Қайта жаңғырту нәтижесінде екіқабатты ғимараттың ауданы582шаршыметрден2,5мың шаршы метрге дейінұлғайтылды.Бұл нысанның функционалдықмүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп,жолаушыларүшін барынша қолайлы жағдай жасауғамүмкіндік береді.

    Қайта жаңғырту барысында жаңа тірекқаңқасы,қабырғаларменжабындар салынды,шатыр толық жаңартылды.Сыртқы және ішкіинженерлік желілерді,соның ішінде кәріз, су,жылу,электрмен жабдықтау және байланысжүйелерін тарту бойынша кешенді жұмыстаржүргізілді. Вокзалорталық жылыту жүйесінеқосылды.

    Ғимараттың қасбетіменіші толықжаңартылды.Жаңа терезе блоктарыменвитраждар орнатылып,заманауи,тозуғатөзімді,ұзақ мерзімді және оңай жуылатынәрлеу материалдары қолданылды.Нысан ішіндеаспалы төбелер орнатылып,едендеркерамогранитпен және коммерциялықлинолеуммен қапталды.

    Іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңілбөлінді. Брусчаткатөселіп,шатырменжолаушыларперроныжаңартылды,жаңақоршаулар,жиһаздар және қажетті жабдықтарорнатылды.Жолаушылардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігіталаптарына сәйкес эвакуациялық жолдарқосымша жабдықталып,жаңа эвакуациялықесіктер орнатылды.

    Вокзалдағы орташа тәуліктік жолаушыларағыны шамамен1 800адамды құрайды. Станцияарқылы ЖезқазғандыАлматы, Астана, Павлодар,Қызылорда және Қарағандықалаларымен байланыстыратын12пойызөтеді.

    Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларғақызмет көрсету сапасын арттыруға,жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы жағдайжасауға,сондай-ақ Ұлытау облысының көлікинфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндікбереді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары