
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә.С.Қуантыров «ECOJER» Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында климаттық саясаттың өзекті мәселелері, көміртек нарығын дамыту, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдардың сіңірілуін арттыру жөніндегі жобаларға инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында көміртек жобаларын іске асыруға арналған өңірлік алаңдарды дамытуға, сондай-ақ мониторинг, есептілік және верификация (MRV) жүйесінің тиімді инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сапалы климаттық жобаларды іске асыруға және төмен көміртекті дамуға инвестициялар тартуға қолайлы жағдайлар қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.









