Түркістан облысы ТЖД ҚР ҚПК-нің 105-бабы бойынша семинар өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Түркістан облысы ТЖД ҚР ҚПК-нің 105-бабы бойынша семинар өтті

    Жиында өтініштерді қараудың заңнамада белгіленген тәртібі, мерзімдері және жұмыстағы кемшіліктердің алдын алу мәселелері талқыланды.

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабы бойынша келіп түсетін өтініштерді қарау тәртібіне арналған семинар сабақ өтті.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері Абзал Сейітсұлтанұлы Қалдыбаев пен Әмірбек Бақдәулет Мұратбекұлы қатысты.

    Семинар барысында Қылмыстық-процестік кодекстің 105-бабында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардан келіп түсетін өтініштерді заңнама талаптарына сәйкес қабылдау, оларды белгіленген мерзімде әрі сапалы қарау, сондай-ақ қабылданған шешімдердің негізділігіне назар аударылды.

    Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында кездесуі мүмкін кемшіліктерді болдырмау, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Семинар қатысушылары өзара пікір алмасып, қолданыстағы талаптарды тәжірибеде дұрыс қолдануға қатысты мәселелерді қарастырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, өтініштерді қарау сапасын арттыруға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары