2026 жылдың I жартыжылдығы үшін камералық бақылау хабарламаларын орындау

    2026 жылдың I жартыжылдығы үшін камералық бақылау хабарламаларын орындау

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерде кірістерді толық көрсету бойынша алшақтықтарды анықтағанын хабарлайды.

    Алшақтықтар тізбекті үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан алынған мобильді аударымдар туралы банктік ұйымдардың деректері негізінде жүргізілген камералық бақылау нәтижелері бойынша белгіленді.

    Камералық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге салықтық тексерулерді тағайындамай, бұзушылықтарды дербес жоюға және мәселелерді реттеуге мүмкіндік беру.

    Хабарламаны алған кезде оны 30 жұмыс күні ішінде (шамамен 45 күнтізбелік күн) орындау қажет:

    - егер бұзушылықтармен келіссеңіз, қосымша салық есептілігін тапсыру және салық сомаларын қосымша төлеу қажет;

    - егер келіспесеңіз, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түсініктеме ұсыну қажет (бұл да хабарламаны орындау болып танылады).

    Хабарламаның бар-жоғын тексеруге және оны орындауға «Салық төлеушінің жеке кабинетінде» (cabinet.salyk.kz) болады.

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды болдырмау үшін жеке кабинеттерді уақтылы тексеруге шақырады. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    және Байланыс-орталығыбасқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары