Балтабай ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің ашылуы

    Бүгін Балтабай ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа нысанның лентасын қиып, ветеринариялық пункттің кілтін салтанатты түрде табыстады.

    Жаңа ветеринариялық пункт ауыл тұрғындарына сапалы ветеринариялық қызмет көрсетіп, төрт түліктің саулығын сақтауға және ветеринариялық жұмыстардың тиімді жүргізілуіне өз үлесін қосады деп сенеміз.

    Жаңа нысанның игілігін ауыл тұрғындары көріп, ел игілігіне ұзақ жылдар бойы қызмет ете берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары