Темекі өнімдеріне салықтық акциз ставкалары

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Темекі өнімдеріне салықтық акциз ставкалары

    ҚР Салық кодексінің 536-бабында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз ставкалары заттай мәндегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. ҚР Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан аумағында өндірілген немесе елге импортталатын темекі өнімдеріне келесі ставкалар бойынша акциз салынады:

    - Сүзгілі, сүзгісіз сигареттер және сигариллалар: 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 18 051 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 21 163 теңге.

    - Сигаралар: 1 данасы үшін 825 теңге.

    - Тұтынушылық ыдысқа құйылған (оралған) және түпкілікті тұтынуға арналған шорт табак, шегуге арналған, қорқор табағы және басқа да табак (құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда): 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 килограмм үшін 15 863 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 килограмм үшін 18 835 теңге.

    - Қыздырылатын табағы бар бұйымдар (қыздырылатын табақ таяқшасы, табағы бар қыздырылатын капсула және басқалары): 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 11 230 теңге; 2027 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда – 1 000 дана үшін 11 330 теңге.

    - Кедендік құнынан 10,0 мың теңгеден асатын сигареттерді (сигараларды) импорттау (жеке тұтынуға арналған импортты қоспағанда) – құнының 10%-ы.

    Егер ҚР Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, акциз салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға тиіс. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары