Қазақстан мен Ұлыбританияның атом саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

    Қазақстан мен Ұлыбританияның атом саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Тимур Жантикиннің Ұлыбритания Премьер-министрінің Орталық Азия бойынша сауда өкілі Лорд Джон Алдердайспен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Британ ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

    Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының атом энергетикасын дамыту басымдықтары, оның ішінде шағын модульдік реакторларды (ШМР) қолдану перспективалары және атом генерациясын дамыту мәселелері туралы ақпарат берді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары