ЕҢБЕК АДАМЫ - ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

    Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке.
    Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 29 қыркүйекке сәйкес келеді.
    Жыл сайын Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның мақсаты қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру; кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.
    Бұл үндеу Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сөздерімен ұштастырылған.
    Баршаңызды Еңбек күнімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер және зор денсаулық тілеймін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары