Алименттік берешегі бар азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

    Алименттік берешегі бар азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылды

    Алимент төлеу бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

    Іс-шараға Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері қатысып, алименттік міндеттемелерді орындау, берешекті өтеу және атқарушылық іс жүргізу аясындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге қолжетімді бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

    Аталған шаралар алимент бойынша берешегі бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал етіп, алименттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге және балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары