
Шымкент қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі 90 жастағы қала тұрғынының үйіне барып, жеке куәлігінің мерзімін жаңартуға қажетті қызмет көрсетті.
Қала тұрғыны полицейлерге көмегі мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.
Көші-қон қызметі мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға мемлекеттік қызметтерді үйінде көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Бұл азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және ерекше назарды қажет ететін тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.









