Қарағанды облысында «Талдау мектебі. Қарағанды» II легі жұмысын бастады

    Қарағанды облысында «Талдау мектебі. Қарағанды» II легі жұмысын бастады

    Қарағанды облысында «Талдау мектебі. Қарағанды» II легі жұмысын бастады

    Қарағанды облысында жастардың аналитикалық ойлауын, зерттеушілік және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған «Талдау мектебі. Қарағанды» білім беру жобасының II легі өз жұмысын бастады.

    Жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерделеп, өзекті мәселелерді талдауға және аймақтың дамуына бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

    II легінің ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдуллаұлы Бөлекпаев қатысты.

    Ашылу бағдарламасы аясында қатысушылар белгілі сарапшылардың дәрістерін тыңдады. Тыңдаушылар алдында Маулен Сағатханұлы Әшімбаев және белгілі экономист, сарапшы Айдархан Маратұлы Құсайынов сөз сөйледі.

    Бағдарламаның маңызды бөлігі - қатысушылардың өзара танысуына, командалық өзара іс-қимылды қалыптастыруға және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған стратегиялық сессия. Сессияны Qarmet компаниясының басқарушы директоры, еңбек қатынастары, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы сарапшы Ербол Исмаилов өткізді.

    «Талдау мектебі. Қарағанды» II легі сегіз апта бойы офлайн форматта өтеді. Бағдарлама дәрістерді, сарапшылармен кездесулерді, практикалық тапсырмаларды, пікірталастар мен командалық жұмысты қамтиды.

    Қатысушылар моноқалаларды дамыту, экологиялық тұрақтылық және өңір үшін өзекті басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеп, деректерді талдау, мәселелерді зерделеу және нақты ұсыныстар әзірлеу дағдыларын жетілдіреді.

    «Талдау мектебі. Қарағанды» - білім мен талдауды өңірдің дамуына бағытталған практикалық ұсыныстармен ұштастыратын кәсіби алаң.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары