2026 жылғы 16–17 қыркүйек күндері Өскемен қаласында оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнир қорытындысында Батыс Қазақстан облысының атынан ағылшын лигасында бақ сынаған команда ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, команда мүшесі Сагмалиева Нұрай «Үздік спикер» аталымының жеңімпазы атанды.
Республикалық додаға еліміздің барлық өңірінен 60 команда, 180 оқушы қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша қатысты.
БҚО құрамында Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының, Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің және Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушылары өнер көрсетті.
Жас пікірсайысшылар Оқушылар сарайындағы дебат үйірмесіне қатысып, шешендік өнері мен сыни ойлау дағдыларын жүйелі түрде жетілдіріп келеді.
«Үздік спикер» аталымының иегері Сагмалиева Нұрай – Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің оқушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдары мен сертификаттарымен марапатталды.






