ХАБАРЛАМА Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы

    ХАБАРЛАМА Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің құрамындағы бос орындарға қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс жарияланады.

    Қоғамдық кеңестің екі мүшесінің өкілеттігі олардың бірінің басқа елді мекенге қоныс аударуына, екіншісінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылуына орай, қоғамдық кеңес құрамындағы 2 бос орынға кандидаттардан құжаттар қабылдайды.

    Конкурсқа жасы он сегізге толған, Әйтеке би ауданында тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, қоғамдық кеңес мүшелігіне қойылатын заңнамалық талаптарға сәйкес келетін және қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға ниетті азаматтық қоғам өкілдері шақырылады.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға тиіс;

    2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған болмауы;

    3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

    1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

    2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

    3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

    4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

    Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан құжаттарды қабылдау 22 қыркуйектен 02 қазанға дейін, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 12.30-тен 14.00 дейін, мемлекеттік /немесе орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады:

    Атауы: Әйтеке би ауданының Қоғамдық кеңесі;

    Пошталық мекен-жайы: 030100, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Молдагулова көшесі, №23.

    Электронды пошта мекен жайы: aitekebi.maslikhat@mail.

    Анықтамалар үшін телефондар: 87051711929.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары