Қарақия ауданында «World clean up day» халықаралық тазалық акциясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарақия ауданында «World clean up day» халықаралық тазалық акциясы өтті

    Қарақия ауданында қоршаған ортаны абаттандыру, тазалықты сақтау және елді мекендердің көркін арттыру мақсатында сенбілік шарасы ұйымдастырылды.

    Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық аумақтар тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында аудан бойынша 400 ге жуық жасыл желектер отырғызылды.

    Тазалық шарасына аудан әкімі қатысып, тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.

    Бүгінгі шара аясында 300 ге жуық адам, 15 техника, 50 тонна қоқыс шығарылды.

    Қоршаған ортаның тазалығы – баршаға ортақ міндет. Елдің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың жауапкершілігі.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    #WorldCleanupDay #ТазаҚазақстан #Өзіңненбаста #Начниссебя

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары