
2026 жылғы 14 қыркүйекте Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы Көктау ауылдық округінің әкімі болып сайланып, сол күннен бастап қызметіне кірісті.
Ерназаров Ғалымжан Әділханұлы 1998 жылғы 12 желтоқсанда дүниеге келген.
2020 жылы Баишев университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2022-2023 жылдары – Бөгетсай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман.
2023-2024 жылдары – Аққұдық ауылы әкімінің аппаратында бас маман.
2024-2025 жылдары – Көктау ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман.
2025-2026 жылдары – Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап – Көктау ауылдық округінің әкімі.
Ғалымжан Әділханұлына жаңа қызметінде сәттілік тілейміз! Көктау ауылдық округінің дамуына бағытталған жұмыстары нәтижелі болып, ел игілігі жолындағы еңбегі жемісті болсын!









