"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 18 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі ШЖҚ «Қаратал аудандық орталық ауруханасы» МКК дәрігерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында келесі мәселелер қаралды:
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамның абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруға арналған арнайы құралдармен қамтамасыз ету қағидаларын, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы.
- Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберілген ақаулар және негізсіз жолданған адамдар.









