
📍«Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында түсіндіру семинары өткізілді!
🚨Жетісу облысының Полиция департаменті патрульдік полициясының қызметкерлері: полиция лейтенанттары Алмат Найманкулов пен Тимур Кашкеевтің қатысуымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде «Жол қозғалысы ережелері» тақырыбында түсіндіру семинары өткізілді.
🔹Семинар барысында жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптары, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндеттері, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары түсіндірілді.
🔹Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдағы қауіпсіздікті сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру бойынша профилактикалық шараларға тоқталды.
🔹Кездесу барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.









