
Қолжетімді кедергісіз орта қалыптастыру!
2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыс процесіне қатысушылардың барлығы үшін мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімді орта талаптарына объектілердің сәйкестігіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі.
Қолжетімділік — бұл жеке бір элемент емес, адамның объектіні кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретін жағдайлардың тұтас жүйесі.
Кедергісіз орта қалыптастыру ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. ҚР «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, еліміздің қолданыстағы заңнамасында бекітілген құқықтарының бұзылуына тап болмауы қажет.
Бүгінгі күндегі басты назар — объектіні жай ғана салу емес, оның қауіпсіздігін, функционалдылығын және халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету. Заманауи объект денсаулық жағдайына, жасына немесе қозғалу ерекшеліктеріне қарамастан әрбір адамға ыңғайлы болуы тиіс.
Біздің ортақ міндетіміз — облыстың барлық тұрғындары үшін шынайы қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру.









