ТҮРКІСТАНДА ЖУЫРДА 80 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАДЫ

    Түркістан қаласында 80 орындық №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Заманауи медициналық кешен - ана мен бала денсаулығын қорғау, перинаталдық қызмет сапасын арттыру бағытында маңызды нысан болмақ.

    Жоба - Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Төрт бөліктен тұратын кешенде жүктілік патологиясы, босанғаннан кейінгі бөлімдер, босану және операция залдары, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері қарастырылған. Сонымен қатар, шала туған нәрестелерді күтуге арналған арнайы орындар бар.

    Қазіргі таңда ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету екі кезең бойынша жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін оның 75 пайызы жеткізілген. Нысан пайдалануға берілгенде 70 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    ———

    В ТУРКЕСТАНЕ СКОРО ОТКРОЕТСЯ НОВЫЙ РОДИЛЬНЫЙ ДОМ НА 80 МЕСТ

    В городе Туркестане в декабре текущего года введут в эксплуатацию новое здание перинатального центра №3, рассчитанное на 80 мест. Современный медицинский комплекс станет важным объектом в сфере охраны здоровья матери и ребёнка, а также повышения качества перинатальной помощи.

    Проект реализуется в рамках двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Объединёнными Арабскими Эмиратами при финансовой поддержке Фонда развития «Абу-Даби». Четырёхблочный комплекс предусматривает отделения патологии беременности и послеродового ухода, родильные и операционные залы, отделения реанимации и интенсивной терапии. Кроме того, здесь предусмотрены специальные палаты для выхаживания недоношенных детей.

    В настоящее время строительно-монтажные работы на объекте полностью завершены. Оснащение медицинским оборудованием осуществляется в два этапа. На сегодняшний день поставлено 75% необходимого оборудования. После ввода объекта в эксплуатацию будет создано 70 новых рабочих мест.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары