Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны Мейірхан Топанбай 32 жасына дейін 68 мың кітап оқыған. Аудандағы Тастұмсық ауылдық округінде кітапханашы болып жұмыс істейді. Бұдан бөлек, бірнеше тілді меңгерген полиглот, ақын, қолөнерші.
Сонымен қатар, ол - аудармашы, республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері. Өмірін кітаппен, біліммен және рухани ізденіспен байланыстырған жігерлі жан. Жан-жақты әрі ізденімпаз. Аударма саласында да өнімді еңбек етіп, бүгінде әртүрлі шығармаларды қазақ тіліне тәржімалау арқылы рухани қазынаның молаюына өз үлесін қосып жүр. Ол – туа бітті сал ауруына шалдыққанымен, басына түскен қиындықты өмірге деген құштарлықпен жеңіп келеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








