Астанада Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

    Астана қаласында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы инженерлік желілерді салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары