
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ИШЕМИЯЛЫҚ ЖҮРЕК АУРУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ 33,6%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ
Жамбыл облысында 2026 жылдың 6 айында ишемиялық жүрек ауруының алғашқы анықталу көрсеткіші 100 мың тұрғынға 235,5 болды.
Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі 354,9 көрсеткішінен 33,6%-ға төмен.
2026 жылдың алғашқы 6 айында Жамбыл облысында қанайналым жүйесі ауруларымен 10 158 пациент ем қабылдаған.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға көп. Сонымен қатар стационарларда жүрек ауруымен қайтыс болғандар саны біршама төмендеген.
Мамандар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда артериялық қысымды тұрақты бақылау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту және дәрігер бақылауынан уақытылы өту маңызды екенін атап көрсетеді.
Жүрек саулығы – өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қараудан басталады.









