
Сырдария ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жұмабек Гүлістан С.Сейфуллин аулының N137 орта мектептің 8-11 сынып арасындағы қыздарға кездесу өткізді. Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты – қыз баланың қоғамдағы орны, өзін-өзі ұстауы, жеке қауіпсіздігі, құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру. Қыз бала – отбасының көркі, тәрбиенің бастауы. Сондықтан әрбір қыз өзінің қадір-қасиетін сақтап, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, білімге және жақсы мақсаттарға ұмтылуы керек. Қыздарға маңызды кеңестер: Бос уақытыңызды пайдалы өткізіңіз, білім алуға ұмтылыңыз. Әлеуметтік желілерде жеке мәліметтеріңізді, мекенжайыңызды және жеке фотоларыңызды бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Бейтаныс адамдармен кездесуге сақ болыңыз. Қандай да бір қысым, қорқыту, бопсалау немесе зорлық-зомбылық жағдайына тап болсаңыз, міндетті түрде ата-анаңызға, мұғалімге немесе полиция қызметкеріне хабарласыңыз. Құқықтарыңызды біліңіз және өзіңізді қорғай алатын болыңыз. Құрбы-құрдастарыңызға құрметпен қарап, буллинг пен мазақтауға жол бермеңіз. Сабаққа жауапкершілікпен қарап, болашақ мамандығыңызға қазірден дайындалыңыз. Өз денсаулығыңызға және жеке қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыз.









