Қызылорда облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бағытталған бақылау жұмыстары жалғасуда. Бір апта ішінде өңір аумағында жол ережелерін бұзудың 8 мыңнан астам дерегі анықталған.
Құқық бұзушылықтардың ішінде жылдамдықты шамадан тыс арттыру деректері басым. Нақтырақ айтқанда, белгіленген жылдамдық режимін сақтамаған жүргізушілерге қатысты 3 234 дерек тіркелген.
Нақтырақ айтқанда жылдамдықты белгіленген мөлшерден асыру бойынша 3 234 дерек тіркелген. Ал қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын орындамаған 1 833 жүргізуші анықталған.
Сонымен қатар жолда маневр жасау және жол жүрісі қағидаларын бұзудың 153 дерегі, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және басып озу талаптарын сақтамаудың 55 дерегі тіркелді.
Бұл көрсеткіштер жол қозғалысы ережелерін сақтаудың және жүргізушілердің жолдағы жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әрбір жүргізуші белгіленген жылдамдықты сақтап, қауіпсіздік белдігін тағып, жолда өзге қатысушыларға құрметпен қарауы қажет.
Жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан жол ережесін сақтап, өз өміріңіз бен өзгенің қауіпсіздігін қорғаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








