Жасөспірімдер қауіпсіздігі: профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс көлемінде ағымдағы жылдың 30 қазанынан 1 қарашасына дейін жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың демалыс уақытында заңсыз еңбекке тартылуына жол бермеу, түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің жолын кесу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
    Іс-шара барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, нысаналы профилактикалық шаралар қолға алынды.
    Нәтижесінде бір тәулік ішінде 48 құқық бұзушылық анықталды.
    Атап айтқанда түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың 38 заңды өкіліне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 5 ата-ана жауапкершілікке алынды.
    Сонымен қатар қоғамдық орында алкоголь өнімін тұтынып, масаң күйде жүрген бір кәмелетке толмаған анықталды. Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру дерегі бойынша тағы бір жасөспірімге қатысты заң аясында шара қабылданды.
    Бұдан бөлек кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген 3 кәсіпкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Ата-аналар мен кәсіп иелерін заң талаптарын сақтауға және жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары