Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі

    1 / 2
    Бүгін 2026 жылдың он айының қорытындысы шығарылып, өңірдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар сараланды. Жедел кеңесте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне де басымдық берілді.
    Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген мәселелер мен алға қойылған міндеттердің маңыздылығы атап өтілді. Әсіресе, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру бағыттарына назар аударылды.
    Мемлекет басшысы өз Жолдауында заң мен тәртіп қағидатын орнықтыруды, қоғамда жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде айқындап келеді. Осы орайда құқық қорғау органдарының алдында тұрған басты міндет – заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекет пен құқық қорғау жүйесіне деген сенімін нығайту.
    Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
    Бұдан бөлек қала мен аудандардағы құқықтық жағдайға талдау жасалып, жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігіне назар аударылды.
    Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындармен байланысты нығайту мәселелері де талқыланды.
    Жедел кеңесте жеке құрамның қызметтік тәртібі мен жауапкершілігі мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, қызметтік міндеттерін сапалы орындау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен заңдылық талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
    Себебі халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі ең алдымен күнделікті қызметтің сапасымен, азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі әділ жауап берумен және әрбір қызметкердің жауапкершілігімен өлшенеді.
    Кеңес қорытындысында алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді. Атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін арттыру, анықталған кемшіліктерді жою және белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі тапсырылды.
    Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Мемлекет басшысы айқындаған осы қағидатты басшылыққа ала отырып, өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса бермек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары