2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 10.00-де Ақсу қалалық мәслихатының VIІI шақырылған елу төртінші сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде:
- Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
- Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру туралы(таксиден басқа).
- «Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
- «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің жүктелген функциялары мен міндеттерін іске асыру жөніндегі есебі.
- Басқа мәселелер.



