«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Ақсу қалалық мәслихаты шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлаутуралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден құралады. Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұрады. Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау туралы Конституциялық заңның нормасымен анықталады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты, қаланың аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Комиссияларды құру кезінде шығып қалған мүшелердің орнына сайлау қалған мерзімге жүргізіледі.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026жылғы25 қыркүйектен 9 қазанғадейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы үзінді көшірме;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша тиісті мәслихатқа сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісу туралы арналған өтініші.
Сайлау комиссиясы құрамының кандидатуралары туралы мәліметтер формалары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісу туралы кандидаттардың өтініштері Ақсу қалалық мәслихатының сайтында орналастырылды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:
- сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
- Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
- Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
- мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
- Қазақстан Республикасы соттарының судьялары.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссия құрамын қалыптастырған маслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бірлікте тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық Заңның 23-бабы 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамында жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық текті апалы-сіңлілер, ата-апалар, немерелер) және жұбайы (зайыбы) болмауы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар 2026жылғы9 қазанғадейін дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, үзіліс уақыты сағат 13:00-ден 14:30- ға дейін.
Ақсуқалалық мәслихаты
Омаргалиев Мадениет Кабылдинович – Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, 310 кабинет.
Жауапты тұлға – Кабиденова Назгуль Елубаевна, 50791; 87057299757, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]
Ақсу қалалық мәслихаты шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
р/с№ |
Сайлау учаскесінің № |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комис- сиясы мүшеле- рінің саны | ||||
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |
|||||||
1. |
Ақсу қ, Астана көшесі, 37, Балалар шығармашылық Үйі |
2 |
|||||
Аумақтық сайлаукомиссиясы | |||||||
1. |
№ 4 |
Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14, № 7 орта мектеп |
1 | ||||
2. |
№ 9 |
Ақсу қаласы, Қызылжар ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 1, Қызылжар ауылдық округ, Мәдени сауық орталығы |
1 | ||||
Учаскелік сайлаукомиссиясы | |||||||
1. |
№ 474 |
Ақсу қаласы, Ақсу шағын ауданы, Энергетик көшесі, 2, Қ. Шулембаев орта мектеп |
1 | ||||
2. |
№ 477 |
Ақсу қ, М.О.Әуезов көшесі, 12, Ж. Мұса атындағы колледж, 2 корпус |
1 | ||||
№ 481 |
Ақсу қ, Астана көшесі, 25; № 4 орта мектеп |
1 | |||||
№ 490 |
Ақсу қ, Евгеньевка ауылы, Гагарин көшесі, 1, мәдени-сауық орталығы |
1 | |||||
№ 495 |
Ақсу қ, Қызылжар, ауылы, Гагарин көшесі, 1, мәдени-сауық орталығы |
2 | |||||
№ 496 |
Ақсу қ, Береке ауылы, Центральная көшесі, 1, орта мектеп |
1 | |||||
№ 501 |
Ақсу, Үштерек ауылы, Ленин көшесі, 1, орта мектеп |
1 | |||||
№ 504 |
Ақсу қ, Сольветка ауылы, Евгеньевка ауылдық округі, Ленин көшесі, 7, орта мектеп |
1 | |||||




