2026 жылғы 11 қыркүйекте Ақсу қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа сондай-ақ Ақсу қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында қатысушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді ұйымдастыруға, сондай-ақ халыққа көрсетілетін тиісті қызметтерге тарифтер белгілеуге қатысты мәселелерді талқылады.
Қаралып отырған мәселе бойынша пікір алмасу өтіп, отырысқа қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер айтылды.




