Өскеменде жас спортшылар арасында панкратионнан ашық турнир өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Өскеменде жас спортшылар арасында панкратионнан ашық турнир өтті

    Өскеменде жас спортшылар арасында панкратионнан ашық турнир өтті

    «Maxi Mall» сауда ойын-сауық орталығында 8 бен 19 жас аралығындағы жас спортшылар бас қосты. Панкратионнан өткен ашық турнирде қатысушылар түрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады.

    Жарысқа қатысушыларға ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қолдау көрсетті. Полицейлер спортшылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, есірткінің зияны мен салауатты өмір салтының маңызын түсіндірді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, полиция майоры Сағатбек Малтүгелов қатысып, спортшыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

    Сонымен қатар спортшылар «Үздік техника», «Жеңіске деген жігері үшін» және «Жоғары спорттық рухы үшін» арнайы грамоталармен марапатталды.

    Спорт — дене дайындығын шыңдаумен қатар, тәртіпке, жауапкершілікке және өз күшіне сенуге тәрбиелейтін маңызды құрал. Мұндай жарыстар жастарды салауатты өмір салтын таңдауға, бос уақытын тиімді өткізуге және есірткіден аулақ болуға бағыттайды.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары