
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға кәдеге жарату төлемдері есебінен 2,9 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады.
Резерваттың материалдық-техникалық базасын жаңарту өрт қаупі жоғары маусымға дайындықты күшейтуге, өртке ден қою уақытын қысқартуға және орман қорын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жоба аясында резерватқа34 өрт сөндіру автоцистернасы, 7 трактор және 34 жол талғамайтын автокөлікберілді. Жалпы алғанда, өрт ошақтарына жедел ден қоюға және өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізуге қажетті75 бірлік арнайы техникасатып алынды.
Еске сала кетейік, 2024 жылдан бері «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, орман табиғи резерваттарына, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелеріне заманауи арнайы техника сатып алуға кәдеге жарату төлемдері есебінен33,1 млрд теңгеден астамқаржы бағыттады.
Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға және оларды жедел сөндіруге арналған1 006 бірлік арнайы техникасатып алынды.
Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де техника бар.
Мұндай жобаларды іске асыру табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын арттыруға және Қазақстанның орман экожүйелерін сақтауға ықпал етеді.









