19 қарашада Астанада Қазақстан, Өзбекстан және Ресей өкілдерінің басын қосқан «Nestlé for Healthier Kids» жобасы аясындағы «Салауатты ұрпақты бірге тәрбиелейміз» атты Еуразиялық конференция өтті.
Білім беру бағдарламасы балалардың бойында пайдалы әдеттерді, салауатты өмір салты мәдениетін және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жобаны іске асыру кезеңінде бағдарламамен 500 мыңнан астам бала танысты.
Конференция барысында қатысушылар экологиялық тәрбие беру саласындағы тәжірибелерімен және үздік практикаларымен бөлісіп, заманауи білім беру әдістемелерін және бағдарламаны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов қатысты.
Өз сөзінде ол экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастырудың, балаларды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеудің және экологиялық білімді оқушылардың күнделікті өміріне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Бастама аясында халықтың экологиялық мәдениетін дамыту және экологиялық ағарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл ретте өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, 295 «Жасыл балабақша» мектепке дейінгі ұйымы құрылып, экологиялық тәрбие беру бойынша 560 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.
Министрлікте экологиялық жауапкершілігі жоғары ұрпақты қалыптастыруда мемлекет, білім беру ұйымдары, бизнес өкілдері мен қоғам арасындағы әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









