Экологиялық тексерулер тек азаматтардың шағымдары негізінде ғана жүргізіле ме? Бірге анықтайық!
2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап №340 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, I және II санаттағы объектілерге қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау Экологиялық кодекспен реттеледі.
Экологиялық кодекстің 174–174-2-баптарына сәйкес бақылаудың мынадай түрлері қарастырылған:
Қашықтан бақылау – объектіге бармай-ақ экологиялық есептілікті, спутниктік деректерді және өзге де мәліметтерді талдау.
Кешенді тексерулер – объектінің тәуекел дәрежесін ескере отырып, бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер – заңды негіздер болған жағдайда, оның ішінде азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша тағайындалады.
Автоматтандырылған мониторинг – ластаушы заттардың шығарындыларын нақты уақыт режимінде үздіксіз бақылау.
Ал III және IV санаттағы объектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144–144-2-баптары қолданылады. Олар мыналарды қамтиды:
▪️ бекітілген кесте бойынша тексерулер;
▪️ заңды негіздер болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер;
▪️ құжаттар мен есептілікті талдау арқылы объектіге бармай профилактикалық бақылау;
▪️ тәуекел дәрежесін ескере отырып, объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау.
Қорытынды: бұл – аңыз! Экологиялық тексерулер тек азаматтардың шағымдары негізінде жүргізілмейді. Заңнамада мемлекеттік экологиялық бақылаудың бірнеше түрі қарастырылған. Ал азаматтардың өтініштері жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болатын себептердің бірі ғана.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









