ҮЛКЕНДЕР ЖАНЫНДА БОЛҒАНДА: АЛМАТЫДА БАЛАЛАР АМАНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ҮЛКЕНДЕР ЖАНЫНДА БОЛҒАНДА: АЛМАТЫДА БАЛАЛАР АМАНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Алматы қаласы Бостандық ауданының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де балалардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген ата-аналар мен мамандардың басын қосқан жалпыаудандық ата-аналар форумы өтті.

    Кездесудің басты назарында тек ережелер мен жауапкершілік туралы сөз қозғау емес, ең бастысы - баланың өзі, оның сезімдері, құқықтары мен қажеттіліктері болды.

    Жиын барысында ата-аналарға буллингтің, зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ бала мінез-құлқындағы мазасыз өзгерістерді уақытында байқап, оған қажетті қолдауды қалай көрсету керектігі айтылды.

    Прокуратура, полиция, білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу өкілдерімен ашық диалог орнатылып, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан практикалық ұсыныстар алды.

    Форум «Балаға арналған 30 секунд» акциясымен аяқталды. Онда ата-аналар балаларына сүйіспеншілік, қолдау білдіретін және әрдайым жанында екенін еске салатын жылы сөздерін жіберді. Себебі қауіпсіз балалық шақ қарапайым нәрселерден - назар аударудан, сенімнен және кез келген уақытта сүйене алатын ересек адамның қасында бар екенін сезінуден басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары