
Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні аудандық Қоғамдық кеңестің
9-отырысы өткізілді. Қаралған мәселелер:
1. Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы-Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының у.м.а. аға лейтенант Әлекенов Бақтұр Тұманғалиұлы);
2. Тиірмен ауылдық округінің Тиірмен және Ұзынтам ауылының көшелеріне атау беру туралы» ауылдық округ әкімінің шешімінің жобасына қорытынды беру туралы (Хабарламашы-Тиірмен ауылдық округінің әкімі Насыров Миршад Мирзағулұлы);
3. Ұйғыр аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыру мәселелерін талқылау (Хабарламашы-Қоғамдық кеңестің төрағасы Гаитов Рустем Абдузаитұлы).







