«Ақбота» саябағын жаңғырту жұмыстары аясында саябақ аумағындағы жарамды брусчаткалар қайта пайдаланылуда.
Сапасы сақталған құрылыс материалдарын қаланың өзге де шағын аудандарындағы жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық кеңістіктерге төсеу жоспарлануда.
Бұл тәсіл қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, жарамды материалдарға екінші өмір беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған шешім қаланың басқа аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге және құрылыс материалдарын қайта пайдаланудың экономикалық әрі экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі