Қарақыстақ су электр станциясында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

    Қарақыстақ су электр станциясында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

    Т. Рысқұлов ауданының күштері мен құралдарының қатысуымен Қарақыстақ су электр станциясында өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – нысанда өрт болған жағдайда жеке құрамның жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру, күштер мен құралдарды тиімді басқару және нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтау. Оқу-жаттығу барысында шартты өрт туралы хабарламаны қабылдау, оқиға орнына жедел жету, барлау жүргізу, өрт сөндіру бөлімшелерін орналастыру және өртті жою бойынша практикалық іс-қимылдар орындалды. Сондай-ақ электр қондырғыларындағы өрт кезінде сақталатын қауіпсіздік талаптары мен қызметкерлерді эвакуациялау тәртібіне ерекше назар аударылды. Мұндай өрт-тактикалық сабақтар төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырып, өрт сөндіру бөлімшелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары