
ШҚО ПД робот-иттері Ұлан ауданындағы фестивальде алғаш рет қызметке кірісті
Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде өткен «Nomad Álemi» заманауи көшпенділер мәдениетінің ауқымды фестивалінде азаматтардың қауіпсіздігін дәстүрлі полиция жасақтарымен қатар озық технологиялар да қамтамасыз етті.
ШҚО тәртіп сақшылары жаппай іс-шара кезінде алғаш рет роботтандырылған иттерді пайдаланды. Инновациялық көмекшілер өңірдің цифрлық қауіпсіздік жүйесінің жаңа элементіне айналды.
Жоғары технологиялық құрылғылар белгіленген аумақты патрульдеуге, үздіксіз бейнебақылау жүргізуге, бейнеаналитика мен бет-әлпетті тану жұмыстарын орындауға қабілетті. Барлық ақпарат нақты уақыт режимінде Жедел басқару орталығына түсіп, полиция қызметкерлеріне жедел жағдайды бірден бағалауға мүмкіндік береді.
Фестиваль қонақтарымен тиімді әрекеттесу үшін робот-полицейлер жарық сигналдарымен және дауыстық ескертулерді беруге арналған кіріктірілген дауыс зорайтқыштармен жабдықталған.
«Nomad Álemi» алаңындағы сәтті дебют қазіргі заманғы цифрлық шешімдердің қоғамдық тәртіпті күзетудің күнделікті формаларын үйлесімді түрде толықтырып, Шығыс Қазақстандағы қауіпсіздік пен жедел ден қою деңгейін арттыра түсетінін көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









